10.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірэкономика

Қазақстан теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия құрлығында транзиттік хабқа айналдыру жөнінде тапсырма берген. Соған байланысты теміржол саласында 1300 шақырымды құрайтын 4 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр.

Атап айтқанда, Достық – Мойынты және Алматы айналма жобасы, Дарбаза – Мақтарал және Қытай елімен қосатын Аягөз – Бахты теміржол өткелі салынуда. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, жоспар бойынша екі жоба, яғни, Достық – Мойынты және Алматы айналма жобасы биыл бітіп, қолданысқа беріледі.

«Мемлекет басшысының кеңейтілген үкімет отырысында берілген тапсырмасына сәйкес Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ұзындығы 366 шақырым болатын «Қызылжар – Мойынты» жаңа теміржол желісі салына бастайды, бұл ТрансКаспий Көліктік Халықаралық Маршрутты 150 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, инфрақұрылым қуаттылығын арттыру және өткізу қабілетінкеңейту мақсатында 700 шақырым болатын «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелері жаңғыртылады», – деді спикер.

 

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 1200 шақырымды құрайтын «Қызылжар-Сексеуіл», «Шалқар-Бейнеу» учаскелерінде автоблоктау жаңа  жүйелері енгізіледі. Жоғарыда айтылған жобаларды осы жылдың сәуір айында бастау жоспарланған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста балалар ойын алаңшасы салынып жатыр

redaktor_qazyr

Теңгені тұрақтандыру үшін Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе әрекет етуі тиіс

admin_qazyr

Үлкен Нарын ауданында ет консервілеу цехы ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz