Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстан үш елде жүк терминалын салуды жоспарлап отыр

Еліміз Румыния, Мажарстан және Қытайда жүк терминалдарын салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов айтты деп хабарлайды Qazyr.kz.

— Қазақстанның шетелдегі жүк қалыптастыру нүктелері географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қазақстандық жеке сектор Поти портында терминал салды, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Комитет төрағасы орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда Алят портында, Мәскеу маңындағы Селятино стансасында, Беларусьтегі Свислочь стансасында және Ташкентте терминалдар салынып жатыр. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн-нан астам контейнерді құрайды.

— Болашақта Румыния, Мажарстан (Будапешт) және Қытайдың Үрімші (ШҰАР) қаласында бірлескен терминалдар ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жалпы алғанда, сыртқы терминалдық қуаттар 4 есеге өсіп, жылына 2 млн 500 мың контейнерге жетеді. Бұл өз кезегінде жүк ағындарын көлік инфрақұрылымымызға тартуға мүмкіндік береді. Осы жасалып жатқан жобалардың арқасында транзит 3 есеге артып, 76 млн-ға жететін болады. Бұл еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің дамуына үлкен үлес қосады, — деді Нұржан Келбұғанов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында банан өсірілетін болады

redaktor_qazyr

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетушілердің 92%-ы лицензиясын алды

admin_qazyr

Бұдан былай Қазақстанда жедел жәрдем қызметі сағат 18.00-ге дейін ғана жұмыс істеуі мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz