11.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында саяси кеңесулер өтті

Ар-Рияд қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Ас-Сатыйдың тең төрағалығымен Қазақстан-Сауд Арабиясы саяси консультацияларының 2-ші отырысы өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саяси консультациялар барысында тараптар достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Сауд Арабиясы қарым-қатынасының оң серпіні мен табысты дамуын жоғары бағалады.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар сауда және инвестиция, көлік-логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ниетті екенін растады.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, ОПЕК+ және т.б. көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді серіктестік туралы пікір алмасу болды. Көпжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі ретінде 2023 жылдың шілде айында Жидда қаласында алғашқы саммиті өткен «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» Диалогтық платформасын одан әрі дамыту мәселесі аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті және екіжақты консультацияларды тұрақты өткізудің қажеттілігін атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Сахнада боқтық сөз айтқаны үшін Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды

redaktor_qazyr

Қазақстанда электр энергиясының бағасы 20%-ға қымбаттады

redaktor_qazyr

Шымкентте жоғалған жігіттің мәйіті табылды: Ағасы інісінің өзіне қол салғанына сенбейді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz