Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірМұнай-газ саласыСаясат

Қазақстан мен Нигерия мұнай-газ саласында инвестициялар мен технологияларды талқылады

Абуджа, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Нигерия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Өнеркәсіп, сауда және инвестициялар министрлігі, Мұнай министрлігі және басқа да ведомстволардың басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесулер Қазақстан делегациясының ресми сапары аясында өтіп, екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.

Нигерия Сыртқы істер министрлігінің Тұрақты хатшысы Дунома Умар Ахмедпен өткен кездесуде халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты нығайту, БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да көпжақты форматтар аясында диалогты жандандыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар тараптар экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасында тікелей өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Нигериямен байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылғы қаңтарда Абу-Дабиде екі ел президенттерінің кездесуі ынтымақтастықтың жоғары қарқынын белгілеп, серіктестіктің перспективалық бағыттарын айқындағанын атап өтті. «Сауда байланыстарын нығайту үшін Қазақстан мен Нигерияның бизнес салалары арасында байланыс орнатуды, өзара сауда миссияларын ұйымдастыруды және екіжақты саудаға қатысты мәселелерді бірлесіп шешуді ұсынамыз. Бұл байланыстардың дамуы жаңа іскерлік серіктестік мүмкіндіктерін ашады және екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды күшейтеді», – деді Ә.Қуантыров.

Нигерияның Мұнай министрі Хайнекен Локпобиримен кездесу барысында мұнай барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеу саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Қазақстан мен Нигерия қазақстандық мұнайды Нигерияның мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу мүмкіндігін зерттеуге қызығушылық білдірді. Өз тарапынан Нигерияның мұнай ресурстары министрі ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып, әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі мәртебесіне қарамастан Нигерия ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру және мұнай өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін шикізаттың қосымша көлеміне мұқтаж болып отырғанын атап өтті.

Сапар аясында Нигерияның Газ министрі Экперикпе Экпомен де кездесу өтті. Келіссөздер барысында табиғи газ жеткізу, газ өңдеу технологиялары және қазақстандық компаниялардың Нигерияның газ инфрақұрылымын дамытуға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Нигерия тарапы экологиялық таза технологияларға көшу, көміртегі шығарындыларын азайту және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүдделі екенін атап өтті.

Нигерияның Өнеркәсіп, сауда және инвестициялар министрлігінің Тұрақты хатшысы Нура Абба Римимен өткен кездесуде тау-кен саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды барлау және өңдеу саласындағы ынтымақтастық қарастырылды. Қазақстан тарапы шикізатты өңдеудің инновациялық технологияларын бірлесіп қолдануға және өндірістік қуаттарды бірлесіп құруға қызығушылық білдірді.

Қазақстан Нигерияға экспортқа 300-ден астам тауар атауын ұсынды, сондай-ақ Нигериядан какао-бұршақтарын тікелей импорттау мәселесін қарастырды. Екі ел арасындағы тауар тасымалына арналған ықтимал үш сауда дәлізі қарастырылып, ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

 

Қазақстандық делегация Нигерияның «NEXIM Nigeria» банкі басшылығымен кездесті. Банк елдегі ең ірі экспорттық және импорттық операцияларды қаржыландырады. Келіссөздер нәтижесінде «NEXIM Nigeria» мен Қазақстанның Экспорттық-несиелік агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында 35 643 жұмыс орны құрылды

admin_qazyr

«Жалған қоңырау»Антикор алаяқтық фактілері туралы ескертті

redaktor_qazyr

Мемлекеттік қызмет ардагерлері жас басшыларға бағыт-бағдар көрсетуде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz