Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда судьяларды іріктеу процесі оңтайландырылды

Қазіргі уақытта Жоғары Сот кеңесінің жұмысын оңтайландыру және жаңғырту жүргізілуде. Ішкі бизнес-процестерді жаңғырту басталды, қолданыстағы жұмыс алгоритмдері оңтайландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Сәлімжан мәлімдеді.

Біріншісі — судья лауазымына біліктілік емтиханына қатысты процесс. Егер бұрын емтихан жылына төрт рет өткізілсе, қазір біліктілік емтиханының жиілігі жылына 12 есеге дейін ұлғайтылды.

«Қазір біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу апта сайын өткізіледі. Бұрын мұндай кездесулер айына бір рет өткізілетін. Бос судьялық лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді өткізу қазір жылына 2 конкурстан 6 конкурсқа дейін ұлғайтылды. Бұл процедураның барлығы олардың сапасына нұқсан келтірмей оңтайландырылған», — деп сендірді спикер.

Оның айтуынша, судьяларды іріктеу кез келген субъективті факторларды жоққа шығаратын нақты және объективті тәсілдерге негізделген. Кеңес қазір жұмыстың ашықтығын арттыруға ұмтылуда. Кеңес төрағасы азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты күнделікті негізде жүргізеді.

«Жоғары Сот Кеңесі қабылдап жатқан барлық шара тәуелсіздік, судьяларға қол сұғылмаушылық құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге және күшейтуге, судьялардың ашық конкурсын өткізуге және судьялардың бос орындарын жедел толтыруға бағытталған», — деп түйіндеді Қуаныш Сәлімжан.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстауда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын алғашқы заманауи орталық ашылды

admin_qazyr

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

admin_qazyr

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz