Qazyr.kz порталы
АймақБілімЖаңалықтар

Өскеменде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Workshop алаңы ұйымдастырылды

Өскемендегі “Мамандығым – Мақтанышым” Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан жиын өтті деп хабарлайды Qazyr.kz. Ірі компаниялардың қызметімен және білім беру бағдарламаларымен сындарлы диалог форматында танысу өтті.

Бүгінгі таңда өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 101 мамандық бойынша кадр дайындайтын 38 колледж бар. Айта кету керек, дәл Шығыс Қазақстанда дуальды білім беру бағдарламасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Оған облыстағы 27 колледж бен 400-ден астам кәсіпорын қатысып жатыр. Бағдарламаның әдеттегі оқу үдерісінен басты айырмашылығы – оқу процесінде алған теориялық білімді практикада тікелей қолдану мүмкіндігі. Сондай-ақ 100-250 мың теңгеге дейін жалақы беріледі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, Шығыс Қазақстанда жұмысшы мамандықтар тізімі кадр қажеттілігіне қарай көбейетін болады. Осылайша, жақын арада облыстағы колледждерде “Құрылыстағы сметалық есеп”, “Логистика”, “Қашықтан басқарылатын ұшақ жүйесі”, “Жаңартылатын энергия көздері”, “Әуе тасымалын ұйымдастыру” сынды мамандықтар бойынша оқыту басталады.

Семинар барысында мектеп оқушылары мен абитуриенттер оқу шарттарымен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты. Бұл олардың болашақ мамандығын таңдауға зор септігін тигізеді.

— Оқу жылының аяқталуына өте аз уақыт қалды. Сұранысқа ие болу үшін қандай мамандық таңдау керектігін жақсылап ойлану керек. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтардың беделі жоғары. Олар экономикалық дамудың негізі саналады. Барлығыңызға өмірде өз орындарыңызды тауып, сапалы білім алуда сәттілік тілеймін, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Лала Жүнісқызы

Redaktor Site

5 шілдеде Астанада жас әншілер фестивалі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz