Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85; халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 

Ұқсас жаңалықтар

2024 жылдың 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі

redaktor_qazyr

Қазақстанның темір жол вокзалдары және станциялары бойынша анықтама алу нөмірі

redaktor_qazyr

Беске бір: тарихи тепе-теңдік теңселіп кетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz