Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Маңғыстауда балабақша директоры бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды

Маңғыстауда балабақша директоры бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Маңғыстау ауданында жекеменшік балабақша директоры бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды. Прокуратураның тексеруі нәтижесінде балабақшаға келмеген балалар үшін 6,6 миллион теңге заңсыз төленгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Іс сотқа жолданып, үкім шықты. Сот шешімімен балабақша директоры үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол екі жыл бойы мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтті

redaktor_qazyr

Павлодарлық ғалымдар астық алқаптарын аурулардан жасанды интеллектпен қорғайды

admin_qazyr

ЕЛОРДА КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА 1000 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz