Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Астанада жаңа стадион салынады

Астанадағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына қайтарылған активтердің есебінен жаңасын салуға 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен сүрілді. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептеліп отыр. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданылады. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады.

redaktor_qazyr

Монтайтастық 21 жастағы жас жігітті өлімге итермелеген кімдер?

redaktor_qazyr

Қазақстан теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz