Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Тоқаев негізсіз сын айтқандарға жауап берді: Конституция туралы жалған әңгімелерге нүкте қойылды

Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында жаңа Конституция жобасына қатысты негізсіз сын айтушыларға жауап берді, деп жазады Qazyr.kz.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияда алғаш рет мемлекеттің басты міндеті ретінде ғылым мен білімді, мәдениет пен инновацияны дамыту анық көрсетілген. Мемлекеттің зайырлы сипаты және білім беру жүйесінің зайырлы болуы туралы норма да ерекше маңызды болып отыр.

«Қазақстан таланттар мен инвестицияны тартатын әлемдік орталыққа айналуға зор мүмкіндікке ие. Бұл адами капиталдың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сол себепті Конституцияда тұңғыш рет интеллектуалдық меншік құқығын қорғау нақты бекітілмек. Осы арқылы креативті экономиканың дамуына жаңа серпін беріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе оларға жаңа міндет жүктейтін заңдардың кері күшін қолдануға тыйым салу туралы норманың ерекше маңызы барын атап өтті. Мұндай норма азаматтарға сенімді құқықтық және инвестициялық орта қалыптастырып, адамдардың болашағын нақты жоспарлауына мүмкіндік береді.

Президент «жедел дамитын қалалар» және жекелеген аумақтар үшін арнайы құқықтық режим енгізу туралы ұсынысқа тоқталды. Оның айтуынша, бұл ұсыныс елдің аумақтық тұтастығына қауіп төндіреді деген пікірлер – негізсіз әрі халықаралық тәжірибені білмейтін адамдардың сөздері.

«Дәл осындай құқықтық сауатсыз адамдар жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесі төмендейді деп даурықтырып жүр. Орыс тіліне алаңдап, мақала жазғандардың өзі сол тілді дұрыс білмейді. Олардың стилистикалық әрі грамматикалық қателерге толы мақалаларын оқу тіпті күлкілі», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мәтінінің мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де бірдей заңдық күшке ие ресми құжат ретінде жариялануы ешқандай түсіндіруді қажет етпейтінін айтты.

«Сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесі төмендейді деген алыпқашпа әңгіме мен жасанды дүрлігуге де еш негіз жоқ», – деп түйіндеді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі боксшы Бейбіт Шүменов сауда орталығында бала көтерген ер адамды соққыға жықты

redaktor_qazyr

Шымкентте Төтенше жағдайлар департаменті ықтимал биологиялық қауіпті нысан саналатын “М. Айқымбаев атындағы Шымкент Обаға қарсы стансасы” базасында оқу-жаттығу өткізді

redaktor_qazyr

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz