Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Үлкен Алматы өзені жағалауы қайта жаңғыртылады

Бостандық ауданында қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстары жалғасып келеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты, — деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі уақытта Үлкен Алматы өзені жағалауы реконструкцияланып жатыр, оны 2026 жылдың сәуірінде аяқтау жоспарланған.

Биыл сәуір айында Гагарин даңғылы бойындағы бульварды көгалдандыру жұмыстары аяқталады. Мамырда «Атакент» ҚІЫО аумағын, «Оңтүстік» саябағының солтүстік бөлігін және Нұр-Алатау шағын ауданындағы скверді көркейту басталады.

Осы кезеңде Республика алаңындағы субұрқақтарға күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Оларды 2025 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

2024 жылы үш аймақ көріктендірілді: Абай даңғылы (Тұрғыт Өзал көшесінен Байзақов көшесіне дейін), Желтоқсан көшесі (Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің аралығы), Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысындағы сквер.

Бұл аумақтарда балалар және спорт алаңдары орнатылып, жарықтандыру жаңартылды, ағаш отырғызылды.

Фото ©baq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Трамп: Украина мәселесі шешілмесе, Ресейге толыққанды санкциялар енгіземіз

redaktor_qazyr

Түркістан обл: Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы трассаны қалпына келтіру жөндеу жұмыстары аяқталып келеді

redaktor_qazyr

Түркістан облысынан Тәжікстанға алғаш рет 16 тонна ІҚМ еті экспортталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz