Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстар өткізіле бастайды

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысы бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды, оның аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңнамаға да түзетулер енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін МЖӘ жобаларын іске асыру рәсімі қалай жүргізілетіні жайлы сөз қозғады.

Спикердің айтуынша, екі сатылы және бір сатылы конкурстарды қолдану тәсілдерін өзгерту маңызды түзету болмақ. Республикалық деңгейдегі МЖӘ-нің кейбір жобаларын қоспағанда, осы уақытқа дейін Қазақстанда екі кезеңдік конкурстар іс жүзінде өткізілмеген.

«Бұл ретте, халықаралық қаржы ұйымдары, керісінше, екі кезеңді іріктеу қажеттілігін көрсетеді. Іріктеудің бұл түрі конкурстың бірінші және екінші кезеңдерінде ең жақсы техникалық-технологиялық және қаржылық шешімдерді таңдау арқылы жеке серіктесті анықтаудың ең жақсы тәжірибесі болып саналады. Осылайша, бұл түзетулер шеңберінде МЖӘ нысанын жобалау мен салуды қамтитын барлық МЖӘ жобаларын екі кезеңдік рәсімдерге ауыстыру көзделеді», – деді Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жүзеге асатын жаңа құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланды

redaktor_qazyr

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды

redaktor_qazyr

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz