Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда экологиялық акция өтеді

2025 жылы ұлы қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Осы атаулы датаға орай Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazyr.kz

Алматының бес ауданын — Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу және Наурызбай аудандарын қиып өтетін, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Абай даңғылы бойында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

26 шілде күні сағат 9.00-де Абай алаңында ауқымды сенбілік пен танымал тұлғалардың қатысуымен шағын концерт өтеді.

Абай даңғылы бойындағы сенбілікке ПИК (пәтер иелері кооперативі), МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі), ҚС (қарапайым серіктестік), сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының өкілдері мен белсенді қала тұрғындары жұмылдырылады. Іргелес аумақтарды кешенді тазалау жоспарланған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қол астындағы қызметкерге қырындаған депутат Асқар Садықов мандатынан айырылды

redaktor_qazyr

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz