17.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады – Ерболат Досаев

Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасуда. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазір көппәтерлі үйлерде жылуды есепке алудың жалпыүйлік есептеу құрылғысы орнатылған. Жылу төлемдері пәтердің ауданына және белгілі бір уақыт кідірісімен есептеледі.

«Бүгінгі күні есептеу құрылғылары тек үйдің жалпы шығынын өлшейді. Осы себепті төлем пәтердің көлеміне қарай және аздаған уақыт айырмасымен қалыптасады», – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, қала қазірдің өзінде әр пәтер бойынша нақты тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы есептеу жүйесіне көшуді бастап кеткен.

«Биыл біз есептеу процесін цифрландыруды бастадық. Басты мақсат – әр пәтер бойынша жылу тұтынуды жеке есепке алып, тұрғындар нақты қанша жылу тұтынылғанын және қандай температурада екенін көріп отыратындай ету», – деді қала әкімі.

Бұл жүйені толық енгізу 2025-2026 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін алматылықтар жылу төлемін онлайн түрде нақты уақыт режимінде көре алады.

«Жұмыс аяқталған соң сіздер төлем есептелгеннен кейін бірден онлайн режимде шотыңызды көре аласыздар деп үміттенеміз», – деді Ерболат Досаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қара күш иесі Түркістандық Жалғас

redaktor_qazyr

Облыс әкімі Нұрлан Көшеровтың төрағалығымен Түркістан әуежайын дамыту мәселесі қаралды

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz