Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді деп хабарлайды Qazyr.kz..

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр болатын су қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр

admin_qazyr

Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімдеріндегі артық шығындарға айыппұл салу ұсынылды

redaktor_qazyr

Атырауда Ата-аналар форумы өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz