Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Тәжікстан сауда өкілі Жетісудың экспорттық әлеуетіне қызығушылық танытуда

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сауда өкілі Олимджон Ашурзодамен кездесті деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесу барысында Ә.Қанағатов аймақтың инвестициялық әлеуетіне кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және транзит салаларына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары екінші жартыжылдықта Жетісу өңірінде бизнес-форум өтетінін мәлімдеп, оған Тәжікстанның іскер топ өкілдерін қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Олимджон Ашурзода екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарына тоқталып, аймақтың экспорттық әлеуеті туралы бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтсақ, тәжік кәсіпкерлерінің аймақтағы зауыттармен тікелей келісімшарт жасасу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Жетісуда шекаралық ынтымақтастықтың орасан зор әлеуеті бар екенін тілге тиек етіп, бұл бағыттағы қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылық танытты.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаевқа сын айтқан қыз, артынша кешірім сұрады

redaktor_qazyr

Қытайдан 36 мыңнан астам турист: Алматы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

admin_qazyr

Қазақстанда айыппұлдар көлемі 300 миллиард теңгеден асты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz