Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Наурызбай ауданында инвестиция 49% өсті: әкім он айдың қорытындысын жариялады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішін таныстырды деп хабарлайды Qazyr/kz

Ауданда инвестиция, бизнес-белсенділік пен бюджеттің кіріс бөлігі сияқты негізгі бағыттарда тұрақты өсім байқалған.
Әкімнің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінің беталысы жақсы: 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айында өндіріс көлемі 13,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2%-ға артыпты.

«Инвестициядағы белсенділік – дамудың қозғаушы күші болып қала береді. Ауданға 145,2 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырғыдан 49%-ға көп. Жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемін 197 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, оның 150 млрд теңгесі құрылысқа, 47 млрд теңгесі сауда, өндіріс пен басқа да салаларға жұмсалады», — дейді Назира Тоғызбаева.

Ауданда қазір шамамен 32 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Олар салық түсімінің 33%-ға өсуін қамтамасыз етіп, жалпы 49,6 млрд теңге түсім әкелген (оның ішінде жергілікті бюджетке – 35,4 млрд теңге, республикалық бюджетке – 14,5 млрд теңге). Кәсіпкерлікті үзбей қолдағанның арқасында шамамен 7000 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылы Наурызбай ауданының бюджеті 18 млрд теңгені құраған. 2025 жылы бюджет көлемі тағы 40%-ға өсіп, 29,7 млрд теңгеге жетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды

redaktor_qazyr

Жетісуда жазушы Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығы аталып өтті

admin_qazyr

Алматының индустриалды аймағында үш жаңа өндіріс орны іске қосылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz