Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірэкономика

БАӘ компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр

Алматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі — Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр арасындағы кездесуде жер учаскесін таңдау, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұйымдастыру, су ресурстарына қол жеткізу және зауытты энергиямен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жобаны жүзеге асыруға қолайлы орын ретінде логистика тұрғысынан ыңғайлы Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ  таңдалып отыр.

«Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрмақпыз. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті шейх Джамаль Әл Ғурайр.

Al Khaleej Sugar — әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты, жаһандық тазартылған қант нарығының шамамен 3%-ын қамтамасыз етеді. Компания өндірістен бастап құрылыс пен жылжымайтын мүлікке дейінгі түрлі салаларда табысты жобаларымен танымал.

 

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Кореяда су тасқынына алдын-ала қамданбаған 30-ға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді

redaktor_qazyr

Елімізде,автокөліктердің «Техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылады

redaktor_qazyr

2024 жылдың 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz