21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазір

Алматыда «Таза Қазақстан» жоспары бекітілді

Алматы қаласында мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында 2025–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспары бекітілді деп хабарлайды Qazyr.kz

Негізгі мақсат — Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл жұмыс балабақшалар мен мектептерден бастап, кеңселер мен тұрғын қауымдастықтарға дейін барлық деңгейде жүргізіледі.

Жоспарда үш бағыт бар:

Қала тұрғындарының экологиялық ойлау жүйесін дамыту,

Экологиялық білім беруді дамыту,

Экологиялық білім беру жүйесін кеңейту.

Сонымен бірге ауа сапасын бақылау жүйелерін орнату, қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, эковолонтерлерді қолдау, «Жасыл мектеп» және «Жасыл кеңсе» сияқты жобаларды іске асыру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздегі қалалар мен ауылдарды көркейту және көгалдандыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Алматыда бұл бағытта не істелді?

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық науқан екінші жыл қатарынан өткізілуде,

4 мыңнан астам аула, 445 саябақ пен сквер, 2 мыңнан аса көше тазартылды,

600-ден астам заңсыз сауда нысаны сүрілді,

3 мыңнан астам көше қоқыс жәшіктері орнатылды,

20 мыңдай ағаш пен көшет отырғызылды,

Almaty Clean & Green сенбілігіне 50 мыңнан астам адам қатысып, 8 мың текше метрден астам қоқыс жиналды.

Алдағы жылдары Алматыда экологиялық мәдениетті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі!

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адамға сот шешімі шықты

Redaktor Site

Шымкентте туысын басынан арматурамен ұрып,дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын сарай тұрғызған

redaktor_qazyr

Елімізде міндетті әскери қызметті өтеуді жою туралы петиция пайда болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz