Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамэкономика

«2-10-20» бағдарламасы тоқтап тұр: депутат жаңа қаржыландыру көзін ұсынды

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев жемқорлардан тәркіленіп, мемлекетке қайтарылған активтерден 50 млрд теңге көлемінде қаржыны «2-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын қаржыландыруға бөлуді ұсынды. Тиісті депутаттық сауал Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ға жолданды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету – әлі де өзекті мәселелердің бірі. Бұл азаматтар үшін тұрғын үй сатып алудың жалғыз қолжетімді жолы – жылдық 2% мөлшерлемемен «Отбасы банкі» арқылы берілетін ипотека. Алайда соңғы жылдары бұл бағдарлама бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты іс жүзінде тоқтап тұр.

«2024 жылы республикалық бюджеттен несие беруге қаражат қарастырылмады. Қаржыландыру алдыңғы жылдардан қалған қаражат есебінен жүргізілді, алайда олар толық игерілді. 2025–2027 жылдарға арналған бюджетте де бұл мақсатқа ақша бөлінбеген», – деді Бейсенғалиев.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда «Отбасы банкі» тек қайтарылған қаражаттың шектеулі көлемі есебінен ғана несие бере алады, ал жаңа өтініштер қабылданбайды. Бұл, әсіресе банктің тұрғын үй саясаты реформасы аясында ұлттық даму институты мәртебесін алғанын ескерсек, әлеуметтік кернеудің өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты депутат мемлекеттік бюджетке активтерді қайтару комитеті арқылы түскен қаражат есебінен «Отбасы банкін» 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қашағаннан алғашқы мұнай партиясы Баку портына жіберілді

admin_qazyr

Мемлекеттік бағдарламамен үй алып береміз деп алдағандар құрықталды

Redaktor Site

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихандар мен сынақтардан босатылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz