Qazyr.kz порталы
БілімҚазірРуханият

Цифрлық платформа жас педагогтерді әділ іріктейді

Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында «Келешек мектептері» жобасы аясында жас педагогтерді іріктеуге арналған career.orleu.edu.kz цифрлық платформа іске қосылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл бастама болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру талаптарына сай даярлауға және мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа цифрлық платформа жас педагогтерге арналған іріктеу және даярлау үдерістерін автоматтандырады. Онда үміткерлердің кәсіби құзыреттері, цифрлық сауаттылығы және заманауи әдістемелерді меңгеру деңгейі бағаланады. Платформа арқылы педагогтер онлайн тіркеліп, қажетті курстар мен тренингтерден өте алады.

Жоба аясында 3 000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл курстарда жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге баса назар аударылады. Алдағы уақытта барлық педагогтерді оқытумен қамту жоспарлануда, бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді .

Жас мұғалімдерді тарту үшін «Келешек мектептері» жобасы жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуда. Мектептерді басқару тиімділік, ашықтық және жауапкершілік принциптері бойынша ұйымдастырылады. Директорларды тағайындауда басымдық «Білім беру саласындағы 1000 өзгеріс көшбасшысы» жобасына қатысқан үміткерлерге беріледі .

«Келешек мектептері» жобасы еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептердің дамуына негіз болмақ. Пысықталған стандарттар, әдістемелер және басқару шешімдері бүкіл республика бойынша масштабталатын болады. Бұл бастама Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформаның іске қосылуы еліміздің білім беру саласындағы жаңашылдық пен сапаны арттыруға бағытталған стратегиялық шешімдердің бірі болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

Redaktor Site

Ат тағалаудың құпиясы

Redaktor Site

Жетісу облысында Наурызды мерекелеу аясында 240-қа жуық іс-шара өткізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz