Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясатэкономика

Қазақстан мен Африка ынтымақтасады

2025 жылғы маусым айының басында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Нигерия Федеративтік Республикасының Ифе аймағының дәстүрлі басшысы – Король Оони Адеейе Энитан Огунвуси екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өткізді деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Нигерия арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ықпалдастықты нығайту жолдарын қарастырды. Әсіресе ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика және цифрлық технологиялар салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Өткен жылы Қазақстан мен Африка елдері арасындағы жалпы тауар айналымы 15,4%-ға өсіп, $789,2 млн-ды құрады. Аграрлық секторда қазақстандық бидайды Нигерияға жеткізу  қарастырылды. Көлік және логистика саласында Орта дәліз Қазақстанға Солтүстік және Батыс Африка нарығына тауар экспорттау үшін мүмкіндіктер ашады.

Олжас Бектенов Қазақстанның Африка құрлығындағы елдермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде Король Оони Адеейе Энитан Огунвуси екі елдің тарихи-мәдени байланыстары мен өзара түсіністігін дамыту маңыздылығын баса айтты.

Кездесу достық және өзара құрмет жағдайында өтті, тараптар болашақта тығыз серіктестік орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Грекия мен Қазақстан 5:0 есебімен ойынды аяқтады

redaktor_qazyr

Qaznews24 сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп,өзін полиция басқармасына алып кетті

redaktor_qazyr

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарды алаяқтыққа алданып қалмауға шақырды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz