Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Мұрат Нұртілеу Солтүстік Македония сыртқы істер министрімен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе инвестиция, көлік, азаматтардың мобильділігі сияқты және басқа келешегі зор салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

«Солтүстік Македония – Балқан өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Біз еліңізбен жан-жақты және көпқырлы қатынастарды дамытуға зор мән береміз. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың оң қарқыны сақталып келеді», – деп атап өтті Мұрат Нұртілеу.

Қазақстан СІМ басшысы Солтүстік Македонияға Президент Гордана Силяновска-Давкова бастаған өкілдік делегацияның Астана халықаралық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл екіжақты диалогты нығайтудың және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың нақты айғағы болды.

Министрлер шарттық-құқықтық базаны тереңдету және барлық деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара дайындықты растады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ұлттық паспорт иелеріне арналған екіжақты визасыз режимді енгізу перспективалары да қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бұл құжат көпқырлы серіктестікті дамытудың жүйелі тәсілін айқындай отырып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына»қорының төрағасы қызметінен кетті

admin_qazyr

Сарыағаш ауданында 4 жасар баланың денесі өзеннен табылды

redaktor_qazyr

Таразада екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz