Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыҚазір

Жетісуда 100 мың гектар алқапқа шегірткеге қарсы дәрі шашылды

Жетісу облысының аумағында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Бүгінгі күні химиялық өңдеу жұмыстары 108 146 гектар алқапта жүргізілді.

Өңірде үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жер үсті тәсілімен, аса жеңіл авиациямен және жеңіл авиациямен, пилотсыз әуе жүйесімен (дронмен) жүргізетін компаниялар анықталды.

Жалпы ағымдағы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 114,8 мың гектар алқапта жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 74,6 мың гектары — үйірлі шегірткелерге қарсы және 40,2 мың гектары үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу.

Химиялық өңдеу жұмыстары үшін 41 су көздері мен 22 жанар-жағармай бекеттері белгіленді. Зиянкестерді анықтау жұмыстарына 204 адам мен 79 бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Oблыстық және аудандық штабтар құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент – Шанхай әуе рейсі ашылды

admin_qazyr

Жыл басынан бері 1,6 трлн теңге көлемінде кедендік төлем түсті

admin_qazyr

Алматыда «Заң мен тәртіп» апталығы өтіп жатыр: қоғаммен ашық диалог пен құқықтық мәдениетті арттыруға басымдық берілуде

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz