Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Перизат Қайрат қылмыстық ісі сотқа жолданады

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс алдағы күндері сотқа жолданады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қайраттың іс материалдарымен танысу процесін әдейі созып жүргенін айтып, оған 9 маусымға дейінгі нақты мерзім белгілеген еді.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, күдікті аталған мерзімге дейін іс материалдарымен толық танысып үлгерген.

“Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу аяқталды. Қорғаныс тарапынан келіп түскен өтініштер мен оларға берілген жауаптарды жинақтап жатырмыз. Бір-екі күнде істі прокуратураға, кейін сотқа жолдаймыз”, – деді ол.

Қазіргі таңда күдікті ретінде екі адам – Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева танылып отыр. Жәбірленушілер саны 100-ден асады.

Еске салсақ, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға және соғыс салдарынан жапа шеккен палестиналықтарға жиналған 3,5 млрд теңге қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін жиналған қаражаттың да заңсыз пайдаланылғаны тергеу нысанында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте өгей әкесі асырап алған қызын зорлап,ақшаға сатқан

redaktor_qazyr

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден чемпион атанды

admin_qazyr

Домбыра үнінен тұнған Алматы: Ұлттық музыка мыңдаған адамды біріктірді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz