Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамРуханият

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме салтанатты түрде ашылды. Іс-шараны Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды деп хабарлайды Qazyr.kz

ЮНЕСКО аясында өткізілген көрме – әлемдік өркениет үшін де маңызды оқиға. Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО-ның халықаралық атаулы даталар тізіміне енгізілген. Көрмеде Алматыдағы Музейлер бірлестігі қорынан алынған 70-тен астам жәдігер қойылды. Оның ішінде композитордың партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары мен Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбыра» бар.

Көрмеге түрлі елдердің дипломаттары, халықаралық ұйым өкілдері, Франциядағы қазақ диаспорасы қатысты. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов бұл шараны Тілендиев мұрасына көрсетілген зор құрмет және түркі мәдениетінің жаһандық деңгейде танылуы деп атады.

Көрме 19 маусымға дейін жалғасады және Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Роман Скляр Airbus-тың Еуропа бойынша президенті Жоан Пелисьемен авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

admin_qazyr

Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде жұмыс кеңесін өткізді

admin_qazyr

Юлия Галышева әлем кубогында Қазақстанға қола медаль әкелді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz