Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Есентай өзені бойы жаңа демалыс аймағына айналады

Алматыда Әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені бойындағы аумақты абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда жағалауды көркейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама . әзірленіп жатыр. Бұл құжат 2025 жылдың шілдесінде мемлекеттік сараптамадан өтеді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Жоба аясында жалпы 43,2 гектар аумақты қамтитын кеңістік жаңғыртылып, оның ішінде 7,22 шақырымға созылған өзен жағалауы қазірдің өзінде көріктендірілген. Мақсат – заманауи әрі жайлы қоғамдық демалыс аймағын қалыптастыру. Тұрғындар мен қала қонақтарына табиғи және қалалық ландшафтты үйлестіре отырып, серуендеуге, суға шомылуға және мәдени демалысқа жағдай жасалады.

Айрықша ерекшелігі – өзен жағалауындағы кеңістік жеті түрлі функционалды аймаққа бөлінеді. Олардың әрқайсысы белгілі бір контекске ие болады:

Әл-Фараби – Тимирязев аралығы: жастар аймағы;

Тимирязев – Бұқар жырау аралығы: студенттік аймақ;

Бұқар жырау – Абай аралығы: белсенді аймақ;

Абай – Құрманғазы аралығы: мәдени аймақ;

Құрманғазы – Жамбыл аралығы: тартымды демалыс орны;

Жамбыл – Қарасай батыр аралығы: тағы да жастарға арналған кеңістік;

Қарасай батыр – Рысқұлов аралығы: тартымды демалыс аймағы.

Жаңа жобада спорттық нысандар, серуендеу жолдары, мәдени іс-шаралар мен кездесулерге арналған қоғамдық кеңістіктер көзделген. Бұл бастама қала инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі экологиялық таза ортаны қалыптастыруға ықпал етпек.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді

admin_qazyr

«5:32» және «Sheker» сериалдарының авторлары Comic Con Astana фестивалі кезінде кастиң өткізеді

redaktor_qazyr

Монтайтас ауылдық елді-мекенде қандай байланыс операторлары бар?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz