27.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Қытаймен агроинвестициялық серіктестік: Қазақстанда $24 млрд. сомаға 58 жоба жүзеге асады

«Орталық Азия – Қытай» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың екінші форумы аясында Қазақстан мен Қытайдың ірі компаниялары арасында жалпы құны 24 миллиард АҚШ долларынан асатын 58 коммерциялық құжатқа қол қойылды деп хабарлайды Qazyr.kz .

Атап айтқанда, Жамбыл облысында қытайлық Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдеу зауыты салынады. Жобаның инвестициялық құны – 320 миллион доллар. Жылына 1 миллион тоннаға дейін жүгері өңдеуге қауқарлы кәсіпорын лизин мен аминқышқылдарын өндіреді. Сонымен қатар, 1500 жаңа жұмыс орны ашылып, 2025 жылға қарай 300 мың тонна жүгері жеткізуге оффтейк-шарттар жасалған.

Түркістан облысында Xinjiang Lihua Group Co., Ltd. компаниясы мақта өндірісінің толық кластерін құруды жоспарлап отыр. Құны 420 миллион доллар болатын бұл жоба мақта өсіруден бастап дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі толық циклді қамтиды. Он кәсіпорын салу арқылы 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

Ақмола облысында Dalian Hesheng Holdings 650 миллион доллар инвестиция салып, дәнді дақылдарды терең өңдеу кешенін салмақ. Жоба аясында глютен, крахмал және басқа да жоғары қосылған құнға ие өнімдер өндіріліп, отандық фермерлермен ұзақмерзімді келісімшарттар жасалады.

Сонымен қатар, Qingdao Wanlin Food Corporation компаниясы Қазақстанда 89 миллион доллар инвестиция құйып, пиязды сусыздандыру және көкөністерді өңдеу зауытын салуға ниетті. Зауыт өнімі Қытай, АҚШ және Еуропа нарығына экспортталмақ. Жоба аясында 300-ге жуық жұмыс орны құрылмақ.

Бұл келісімдер агроөнеркәсіптік кешеннің терең өңдеу саласын дамытып, экспорттық әлеуетті арттыруға және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жылдық қуаты 1 млн тонна жүгері өңдеу зауыты салынуда

admin_qazyr

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

СІМ: АҚШ-тан 369 қазақстандықты депортациялауы ескі ақпарат екенін мәлімдеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz