Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Жол қауіпсіздігі: полиция қазақстандықтарды ережелерді сақтауға шақырады

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Саргулов азаматтарды жол бойында барынша жауапкершілік танытуға шақырды. Ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жол қозғалысы қауіпсіздігі әр қатысушыға байланысты екенін атап өтті.

ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда, жаңа технологиялар енгізііп, жедел-профилактикалық іс-шаралар, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша акциялар өткізеді, заңнаманы жетілдіруде.

«Бірақ бұл шаралардың барлығы әркімнің жеке жауапкершілігін алмастыра алмайды», – деп атап өтті Ғалым Саргулов.

ІІМ өкілі ата-аналарды балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрысты үйретуге, ал жүргізушілерді қауіпті іс-қимыл жасамай, жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырды.

Ғалым Саргулов жолдағы қауіпсіздік – бұл тек полицияның ғана емес, әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

admin_qazyr

Енді Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа тұра алады

redaktor_qazyr

Аида Балаева: расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz