28.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Салық азайып, жалақы өседі

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалақысы артуы мүмкін. Бұл жаңалық жеке табыс салығы есебіндегі стандартты шегерімнің ұлғаюымен байланысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлердің жалақысынан 14 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде стандартты шегерім жасап, одан кейін ғана 10% ЖТС ұстайды. Алайда Сенат қарауындағы жаңа Салық кодексі жобасына сәйкес, бұл шегерімді 30 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылуда. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, бұл өзгеріс қазақстандықтардың таза табысын едәуір арттырады.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстандағы жалдамалы жұмысшылардың 52%-ы 150 мың теңгеге дейін жалақы алады. Егер шегерім көлемі 130 мың теңгеге дейін өссе, бұл қызметкерлер мүлде ЖТС төлеуден босатылады.

Мысалы, егер сіздің жалақыңыз 300 мың теңге болса, оның 30 мың теңгесі зейнетақы жарнасына ұсталады. Қазіргі ережеге сәйкес, бұдан кейін 55 мың теңге шегеріліп, қалған сомаға 10% ЖТС есептеледі. Ал жаңа ережеге сәйкес, 55 мыңның орнына 130 мың теңге шегеріледі. Бұл салық салынатын соманың азаюына әкеледі. Демек, салық азаяды, ал қолға алатын жалақы өседі, — деді Әмрин.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ өкілетті органдары Қазақстанға аудит өткізуге келді.Егер аудиттен сәтті өтсе 2025 ж елімізден АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады

redaktor_qazyr

Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі өртеніп кетті

redaktor_qazyr

Талдықорғанда күдікті ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz