Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Ол 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.

Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

Ол 2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік қызметтер порталы сала мамандарының жеке деректерімен толықты

admin_qazyr

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

redaktor_qazyr

Алматыда жауынгерлік техника мұражайы ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz