Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Достық даңғылы жаңарады: Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы болмақ

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Достық даңғылының Абая даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін кешенді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жобаның мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, заманауи және қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру. Жоба аясында тротуарлар жаңартылып, сквер салынады, спорт алаңдары мен шағын сәулет нысандары орнатылады. Сондай-ақ аумақ көгалдандырылып, жаяу жүргіншілер аймағы кеңейтіледі және тұрақ орындары ретке келтіріледі.

Бұған дейін бұл учаскенің тротуарлары тар және бірсарынды болатын, жасыл желек күтімсіз қалса, автотұрақтар бейберекет орналасқан еді. Велоинфрақұрылым да мүлде болмаған. Мамандардың айтуынша, бұл аумақты қайта қарастырып, кешенді жаңғырту қажет болған.

Қазіргі уақытта жұмыстар 4,18 гектар аумақты қамтиды, абаттандырылатын бөліктің ұзындығы – 1,5 шақырым. Жобаны «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

Достық даңғылын аралау кезінде қала әкімі мердігерлерге жұмыс кестесін және жобалық талаптарды қатаң сақтау жөнінде тапсырма берді. Оның айтуынша, Алматы көшелері заманауи, таза және қолайлы болуы тиіс.

Бұл жоба қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы жазғы чемпионаттарының бірінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтады

redaktor_qazyr

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен 21 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті болып сайланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz