Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Бағанашылдағы балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді

Бағанашылдағы балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді деп жазды Руслан Желдібай өзінің телеграмм арнасында.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Түркістандағы индустриялды аймақты тазалау,көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

redaktor_qazyr

Қара күш иесі Түркістандық Жалғас

redaktor_qazyr

Алматыда АҚШ косулдығының ғимараты салынады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz