Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

«Перизат Қайрат ісі» Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңға өзгеріс әкелмек

Қазақстанда  үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңдарды қайта қарастыру жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда үлкен резонанс тудырған Перизат Қайрат ісі саланың заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті деп хабарлайды Qazyr.kz

«Соңғы сот ісін бәріміз көрдік. Осыған байланысты министрлік түрлі сала мамандарын тартып, жұмыс тобын құрды. Қазір  үкіметтік емес ұйымдар қызметін реттейтін жаңа заң жобасына өзгерістер дайындалып жатыр. Лицензиялау, қайырымдылық шараларын өткізу, олардың ашықтығы мен есептілігі — бәрі жаңа құжатта ескеріледі», — деді Қанат Ысқаков Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тек Перизат Қайрат ісі ғана емес, жалпы қоғамдағы өзгерістер мен қайырымдылыққа деген сұраныс заңдарды жаңартуға түрткі болып отыр.

« Олар немен айналыса алады, қандай қызмет лицензиялануы тиіс — бәрі нақтылануы қажет. Екіншіден, ұйым жетекшілерінің жауапкершілігі, қоғам алдында есеп беруі және кіріс-шығысының ашықтығы басты назарда болуы тиіс. Бұл мәселелер қоғаммен, журналистермен ашық талқыланады», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, қайырымдылық туралы заңға да түзетулер дайындалуда. Олардың мақсаты — азаматтарды қайырымдылыққа ынталандыру, ұйымдардың есептерін БАҚ-та жария ету арқылы ашықтықты қамтамасыз ету.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

admin_qazyr

Әзербайжан «Россотрудничество» агенттігін елден шығару туралы шешім қабылдады

redaktor_qazyr

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық орында кальян тұтынған тұрғындарға айыппұл салды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz