Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазір

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін көрсету жоспарлануда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін көрсетуді көздейтін бірқатар заңға тәуелді актілерге түзетулер әзірледі. Басқарма басшысының тиісті бұйрығының жобасы бойынша ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазіргі уақытта инватакси қызметін жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы көрсетеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін ұсыну мүгедектігі бар жандарға өздерінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып жеткізушіні дербес таңдауға және көлікті шақыруға мүмкіндік береді, жеткізушілердің санын көбейтеді, есепке алу және қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, қызмет көрсету және көлікті күту уақытын қысқартады. Инватакси қызметі үшін төлем жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Инватакси қызметін көрсетудің жаңа форматы ағымдағы жылдың күзінде енгізіледі деп жоспарлануда.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 6 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш — Түркістан пойызының жүру кестесі

redaktor_qazyr

Айгүл Орынбек:«Қазақстанда мемлекеттік қызметте жасайтын әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді»

redaktor_qazyr

Сарыағаш ауданында 4 жасар баланың денесі өзеннен табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz