Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті: құтқарушылар іздестіруді жалғастырып жатыр

Алматы қаласындағы Медеу шатқалынан тауға шыққан 20 жастағы Алан есімді азамат 27 шілде күні жоғалып кеткен. Ол таңертеңгі уақытта Жастар шыңына қарай бет алғаннан кейін байланысқа шықпаған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарап, кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстары басталғанын растады деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі таңда құтқару операциясына “Медеу” бекетінен және “Тұйық-Су” пунктінен құтқарушылар жұмылдырылды. Олар Мыңжылқы арқылы жаяу Жастар шыңына көтеріліп, Титова мен Т1 шыңдарын да тексергенімен, әзірге жоғалған жігіттен еш із табылған жоқ.

Жағдайды күрделендіріп тұрғаны – таудағы ауа райының қолайсыздығы. Қатты жел мен найзағай “Қазавиақұтқару” тікұшағының әуеге көтерілуіне кедергі келтіріп отыр.

Іздеу жұмыстарына еріктілер мен дрондар да тартылған. Мыңжылқы жотасында жедел штаб құрылған.

Ұқсас жаңалықтар

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден чемпион атанды

admin_qazyr

Қазақстан жолдары: сапаны бақылау күшейіп, цифрлық технология енгізілуде

admin_qazyr

Түркістанда Төреғали Төрәлі референдумға қатысып, үлгі көрсетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz