Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Олжас Бектенов Түркістан облысындағы су инфрақұрылымының жай-күйімен танысты

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайын тексеріп, сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды. Үкімет басшысы «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішіне барып, гидротехникалық нысандарды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Ағымдағы жылы оңтүстік өңірлерде жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, гидрологиялық құрғақшылық қаупі жоғары болып отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығына, әсіресе Сырдария өзені бассейніндегі егін шаруашылығына үлкен қауіп төндіруде. Осыған байланысты Үкімет тек ішкі резервтерді оңтайландырумен шектелмей, Орталық Азия елдерімен бірлесіп, су ресурстарын үйлестіру бағытында келіссөздер жүргізіп жатыр.

Премьер-министр Шардара су қоймасындағы кездесуде Түркістан және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығына су жеткізу мен қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселелерін қозғады. Ол суды әділ әрі тиімді бөлу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Қазіргі жағдайда су ресурстарын қатаң тәртіппен, нақты қажеттілікке қарай бөлу – аса маңызды. Барлық деңгейде ашықтықты қамтамасыз етіп, бақылауды күшейту қажет», – деді Олжас Бектенов.

Сапар аясында «Көксарай» контрреттегішінің жұмысымен де танысқан Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне аталған нысанды толық қуатына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл оңтүстік аймақтардағы егістік алқаптарын сенімді түрде сумен қамту үшін маңызды.

Премьер-министр су көлемінің жылдан-жылға азаюына байланысты ішкі су қорларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 20 жаңа бөген салынып, кемінде 15 су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді.

Олжас Бектенов атап өткендей, тек соңғы уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізіліп, Түркістан қаласы тұрақты сумен қамтамасыз етілді.

Сапар қорытындысында Үкімет басшысы Су ресурстары және ирригация министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, өңірдегі су жобаларын уақтылы қаржыландыру мен іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті

admin_qazyr

Бауыржан Момышұлының ерлігіне тағзым: Мемлекеттік марапаттар табысталды

admin_qazyr

Абай тойында қонақтарды қоршау өте қысқа уақытқа ғана жалғасты – Әшімбаевтың баспасөз қызметі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz