Qazyr.kz порталы
Қазір

Атом энергетикасы: Қазақстан Қытаймен екі жаңа станция салуға келісті

Қазақстанда жоспарланып отырған екінші және үшінші атом электр станцияларын (АЭС) Қытай компаниясы салатын болады. Бұл жөнінде еліміздің бірінші вице-премьері Роман Скляр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұған дейін бірінші АЭС-ті ресейлік «Росатом» компаниясы салатыны белгілі болған. Енді Роман Склярдың айтуынша, Қытаймен арадағы әріптестік аясында тағы екі атом электр станциясы салу жоспарланған. Алайда құрылыс құны туралы айтуға әлі ерте, себебі техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.

«Үшінші станция да Қытай тарапынан салынады. Қазір Атом энергетикасы агенттігінің мамандары орналастыру орындарын анықтаумен айналысып жатыр. Ол үшін тұрақты су көзі мен энергия беруге қолайлы инфрақұрылым қажет. Жақын арада бұл жұмыс аяқталады. Станциялардың нақты қай жерде орналасатыны биыл жарияланады. Бұл — құпия емес», — деді Скляр.

Қазіргі таңда Қытаймен арадағы барлық келісімдер, соның ішінде үкіметаралық құжаттар, келісу сатысында. Бұл рәсімдер аяқталған соң келісімдер Парламент қарауына жіберіледі.

Жаңа атом станцияларының орналасатын орындары 2025 жылдың соңына дейін белгілі болады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Қазақстанда энергия мен интернетке қолжетімділік артады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz