25.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Ахмет Байтұрсынұлы саябағы абаттандырылады

Алматы әкімдігі қалалық ортаны абаттандыруға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жоба аясында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді жаңарту жұмыстары басталады. Бастамаға «АТЦ-Галерея» ЖШС-гі қолдау білдіріп, барлық жұмысты өз қаражаты есебінен қаржыландырады,- деп хабарлайды Qazyr.kz.kz

Абаттандыру жұмыстары заманауи және табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық әдістер арқылы жүргізіледі. Барынша табиғи ландшафт пен қолданыстағы жасыл желек сақталып, аумақ көгалдандырылады. Жайлы жаяу жүргіншілер жолдары салынып, шағын сәулет пішіндері мен заманауи энергия үнемдейтін жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ, демалысқа арналған жайлы аймақтар ұйымдастырылып, суды үнемдеп пайдалануды интеллектуалды түрде бақылайтын автоматты суару жүйесі қосылады.

А.Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жобасы оның тарихи маңызын сақтай отырып, таза ауада серуендеп, тынығып, емін-еркін жүздесуге жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоба жүзеге асқаннан кейін аумақтың экологиялық жағдайы жақсарады: шудың және жылу жүктемесінің деңгейі төмендеп, ауа сапасы артады, табиғи тепе-теңдік сақталады. Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамытуды жалғастыра отырып, тұрғындар үшін жайлы ортасын құруға жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

admin_qazyr

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

АҚШ-тың Әскери-теңіз күштері 2027 жылға қарай Қытаймен соғысуға дайындық жүргізіп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz