Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы мен Бейжің арасында жаңа әуе рейсі ашылды: стратегиялық әріптестікке жаңа серпін

2025 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге тікелей жаңа әуе рейсі іске қосылды. Бұл бағытты Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы — Air China компаниясы орындайды. Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй ханым, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсеитова, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы мен авиакомпания өкілдері қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өзара туристік және іскерлік байланыстарды арттыруға, сондай-ақ түрлі салалардағы тәжірибе мен инвестиция алмасуына жол ашады. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматы қаласына Қытайдан келген туристер саны 20 952 адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,9%-ға артқан.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Қытайдың Гуанчжоу, Сиань, Үрімші, Шанхай, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей рейстер арқылы байланысқан. Жаңа рейстің ашылуы бұл әуе бағыттарының қатарын толықтырып, екі ел арасындағы ай сайынғы ұшулар санын 150-ден асыруға сеп болады.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста құрылыс алаңында 2,5 метр биіктіктен жұмысшы құлап мерт болды

redaktor_qazyr

Алматыда 61 жылдық тарихы бар мектепке жаңа ғимарат салынады

admin_qazyr

ҚҚС реформасы: Қай салаларға өзгеріс енгізілмейді?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz