18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Жарқын Болашақ»: Маңғыстаудың мыңнан астам жасы тегін білім алып, арманын жүзеге асыруда

admin_qazyr

Атырау мұнай өңдеу зауытының, электр желілерінде апат орын алды

redaktor_qazyr

Астана қаласына жаңа жылдық безендіруге 700 миллион қаржы бөлінбекші

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz