Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда нашақорлықпен күресті үйлестіру үшін республикалық штаб құрылды

Қазақстанда нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды үйлестіру мақсатында республикалық штаб құрылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министрдің өкімімен құрылған штабқа Үкімет басшысы жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары болып Премьер-министрдің орынбасары мен Ішкі істер министрі тағайындалды.

Жаңа құрылымның негізгі міндеттеріне – мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдағы жұмысын үйлестіру, тиімді алдын алу шараларын әзірлеу, сондай-ақ нашақорларды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру жатады.

Штаб құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, сондай-ақ бірқатар жауапты министрліктердің басшылары кірді.

Сонымен қатар, өкімге сәйкес, барлық облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құрылмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева: «Тарихты сақтау – болашақты қалыптастыру»

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

admin_qazyr

Арыста кісі өлтіріп қашып кеткен күдіктілер ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz