Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Бес жүз мың бала балабақшаларға жолдама алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жүзеге асырылуда. Бұл жоба мектепке дейінгі білім беру саласында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабардайды Qazyr.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ваучерлік қаржыландыру жүйесі бос орындары бар және белгіленген талаптарға сай келетін мектепке дейінгі ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі күні ваучерлік қаржыландыру жүйесіне 4,7 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қосылды, 500 мыңнан астам бала балабақшадан орын алды. Республикалық маңызы бар қалаларда кезек екі есе қысқарды», — деп хабарлайды Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Ата-аналарға балабақшаны өз қалауынша таңдау мүмкіндігі берілген, бұл жеке және мемлекеттік балабақшалар арасында салауатты бәсекелестікті қалыптастырады.

Жүйе ең алдымен «ақша балаға беріледі» қағидатына негізделген қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі шартты қамтиды. Қаражат тек баланың баруын ата-аналар растағаннан кейін ғана аударылады.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруға көшіру 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылыс мәдениеті: Дархан Сатыбалды жауапсыз компанияларды нарықтан шеттетпек

admin_qazyr

Әскердегі әлімжеттік: «айтсаң тоқылдақсың!»

redaktor_qazyr

STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz