19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Жамбыл облысында «Қордай» және «Қарасу» шекара бекеттері жаңғыртылуда

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан–Қырғызстан шекарасындағы «Қордай» және «Қарасу» автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту барысымен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Сапар барысында ол Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамытуға бағытталған тапсырмаларының орындалу деңгейін тексерді.

Кездесуде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен ҰҚК Шекара қызметі төрағасының орынбасары Ұлан Абиков қазіргі ахуал, проблемалық мәселелер және даму жоспарлары жөнінде баяндама жасады.

ЕАЭО елдерімен шекарада 39 автомобильдік өткізу пункті бар. Қазіргі таңда олардың екеуінде жөндеу толығымен аяқталды, он пунктте жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта қалған бекеттер де кезең-кезеңімен реконструкциядан өтеді.

«Қордай» бекетінде жол жолағы 4-тен 8-ге, паспорттық бақылау кабиналары 20-дан 40-қа дейін көбейтілді. Соның арқасында жолаушылар ағымы 4 есе, автокөлік өткізу мүмкіндігі 2,7 есе артты. Ал «Қарасу» бекетінде басталған жаңғырту жұмыстары тәуліктік өткізу қуатын 700-ден 2 мыңнан астам көлікке жеткізуді көздейді. Жоба жүк тасымалына да қолайлы жағдай жасайды.

Премьер-министр шекаралық инфрақұрылымның халықаралық жолаушылар және жүк тасымалында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жөндеу сапасын қатаң бақылауда ұстап, цифрлық шешімдерді жедел енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен азаматтарға жайлы жағдай жасау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сапар аясында индустриалды-сауда-логистикалық кешеннің құрылысы туралы да баяндалды. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі аясында тауар сақтау, өңдеу және өткізу орталығына айналмақ. Алайда, жобаның мерзімінен кешігуіне байланысты Үкімет басшысы сын айтып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау: Жетісуда мыңдаған бала лагерьде тегін демалады

admin_qazyr

Атыраудағы Жайық өзенінен ер адамның денесі табылды

redaktor_qazyr

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz