Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Асылбек Ахметжанов Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Асылбек Ахметжанов 2025 жылдың ақпан айынан бері Оқу-ағарту министрлігінің архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

Бұған дейін, 2024 жылдың шілдесінен бастап, ол Индустрия және құрылыс министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментін басқарған. Ал 2021 жылдың наурызынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Монтайтастық кәсіпкердің қорасы отқа оранды

redaktor_qazyr

Монтайтастық тұрғын фильтр су орнатамын деп алданып қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz