Qazyr.kz порталы
Қазір

eGov Mobile жаңарды: жаңа интерфейс, AI көмекші және жедел құжаттар

Қазақстанның eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңартудан өтті. Интерфейсі жаңарып, навигациясы жеңілдетілді, интеллектуалды іздеу және eGov AI виртуалды көмекшісі қосылды.

Бес жыл ішінде қолданушылар саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асқандықтан, сұранысқа сай жетілдірулер енгізілді. Енді іздеу нәтижелері бірден көрсетіледі, ал жасанды интеллект сұрақтарға чат форматында жауап беріп, тиісті қызметке бағыттайды.

Қауіпсіздік те күшейтілді: жеке деректерді қорғау және сыртқы қауіптерге төзімділік артты. Басты бетте танымал сервистердің белгішелері, жедел қызметтер мен цифрлық құжаттарға тікелей қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.

Жаңартылған «Сервистер» бөлімінде барлық цифрлық қызметтер тақырыптар бойынша топтастырылған. «Цифрлық құжаттар» бөлімі енді жеке куәлік, паспорт және басқа құжаттарды басты беттен бірден ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өмірлік жағдайлар бойынша жеке каталог енгізіліп, интерактивті нұсқаулықтар жасалды. «Хабарламалар» бөлімі жаңартылып, ақпаратты іздеу ыңғайлырақ болды. Жеке профильде денсаулық, мүлік, айыппұлдар және келісімдер тарихы секілді кеңейтілген деректер көрсетіледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Мұқаев: «Мұғалім болып жұмысқа тұру үшін 1-1,5 млн теңге сұрайды»

redaktor_qazyr

Кентаулық оқушы ҰБТ-дан Қазақстан бойынша ең жоғарғы балл жинады

redaktor_qazyr

Qaznews24 сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп,өзін полиция басқармасына алып кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz