Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

ҰҚК-і Шымкент қаласының бас архитекторын ұстады

БАҚ-та Шымкент қаласының бас архитекторы ұсталғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды Qazyr.kz.

Orda.kz мәліметінше, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген.

«Арман Әбдешов басқарма тізгінін ақпанда ұстап тұрған кезде қала әкімінің орынбасары қызметіне Руслан Берденов тағайындалған. Таңқаларлығы, бас сәулетшінің ұсталған уақыты Руслан Берденовке оқ атқан «Тұрғын үй Шымкент» қалалық компаниясының директоры Ернар Жиембайдың сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр», — деп жазды басылым.

Кеше сотта құрылыс басқармасының бір қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс өткізіп, «Антикор» тарапынан тексеріс болатынын ескерткенін айтты. Алайда бұл екі оқиғаның өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ауыл шаруашылығы саласы озық технологиялар орталығы ашылды

admin_qazyr

eGov Mobile жаңарды: жаңа интерфейс, AI көмекші және жедел құжаттар

admin_qazyr

Қазақстанда алтын құймаларына сұраныс күрт артты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz