Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Қанат Бозымбаев: Су тапшылығы – жай статистика емес, шынайы қатер

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық су шаруашылығы  комиссиясының  отырысында өңірдегі су тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Вице-премьердің айтуынша, Шардара су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуі – жай ғана статистика емес, төменгі ағыстағы елдер үшін нақты қауіпке айналып отыр.

«Бұл – енді жай ғана цифрлар емес, төменгі ағыс аймақтарының су қамтамасыз етілуіне шынайы қауіп. Өкінішке қарай,  Мемлекетаралық су шаруашылығы  комиссиясы аясында қабылданған шешімдер толық орындалмай келеді, бұл су режимін реттеуде айтарлықтай қиындықтарға әкелуде», – деді ол.

Қанат Бозымбаев биылғы вегетациялық кезеңнің аса күрделі жағдайда өтіп жатқанын атап өтті. Климаттың болжамды нашарлауы мен су азаюы өңір елдерінен келісімдерді қатаң сақтауды және үйлесімді қимылдауды талап етеді.

«Біздің әріптестігіміз сенім мен өзара түсіністік рухында дами береді деп сенемін», – деп түйіндеді вице-премьер.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әр балаға тең мүмкіндік: «Келешек мектебі» ұлттық жобасының маңызы

admin_qazyr

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп 5 бала көз жұмды

redaktor_qazyr

Мұнай биржасындағы аумалы-төкпелі заман: Қазақстан бұған дайын болып отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz