Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Президент Жолдауы аясындағы ірі қадам: еліміздің энергия қауіпсіздігі нығаюда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында энергетика саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда деп хабарлайды Qazyr.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, басты мақсат – елдің экономикалық дамуына серпін беретін әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз болатын заманауи және сенімді энергетикалық жүйе құру.

Соңғы екі жылда елімізде 1,3 ГВт жаңа электр қуаты пайдалануға берілді. Биыл тағы 622 МВт қуат көзі іске қосылады деп жоспарлануда. Ал 2026 жылға қарай шамамен 2 700 МВт жаңа қуат қолданысқа беріледі.

Қазіргі таңда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын ірі электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Қызылордада 240 МВт-тық жаңа жылу электр орталығы салынып жатыр.

Министрдің айтуынша, алдағы бес жылда жалпы көлемі 14 ГВт болатын жаңа қуат көздері іске қосылады. Бұл қадам Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халық пен экономикаға қажетті энергияны тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік аудит күшейеді: Президент Тоқаев Жоғары аудиторлық палата жұмысын жетілдіруді тапсырды

admin_qazyr

Қазақстандық делегация АӨСШК-ға қатысушы елдер Жастар кеңесінің VIII отырысына қатысты

admin_qazyr

1 қыркүйек күні алматылық оқушылар мектепке бармайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz