Qazyr.kz порталы
Қазір

Марат Балданбаев: жастайынан инженер жолын таңдап, мамандығына адал болған азамат

Марат Әбдраимұлы Балданбаев – кәсіби тағдырын өндіріс саласымен бірнеше жылға емес, ондаған жылға байланыстырған мамандардың бірі. Ол жастайынан инженер болуды мақсат етіп, Қазақ химия-технология институтына оқуға түсті. Инженер-технолог мамандығын алып, 1988 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында еңбек жолын бастап, содан бері осы ұжымда қызмет етіп келеді.

30 жылдан астам уақыт бойы тазалау қондырғылары цехында еңбек етті: алдымен тауар операторы, кейін 2021 жылдан бері инженер-технолог қызметін атқарып жүр. Жылдар бойғы адал еңбегі елеусіз қалған жоқ: зауыттың 30 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» компаниясының Құрмет грамотасымен, 2022 жылы мұнай-газ саласындағы еңбегі үшін төсбелгімен марапатталған.

«Мұнай саласы — Қазақстан экономикасының тірегі. Бұл сала елге тек жанармай мен экспорттық табыс қана емес, миллиондаған адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Мен үшін бұл бос сөз емес — бүкіл өмірімді зауытқа арнадым. Жыл өткен сайын саланың қалай дамып, технологиялық жағынан жаңарып жатқанын көріп жүрмін. Біз тек мұнай өңдеп қана қоймаймыз — елдің болашағын қалыптастырып жатырмыз», — дейді Марат Балданбаев.
Оның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі — ұрпақтар сабақтастығы. Бүгінде зауытта жұбайы мен екі ұлы да еңбек етеді. «Зауыт — біздің отбасымыздың ажырамас бөлігіне айналды», — дейді ол. Оның еңбек жолы — мамандыққа деген шынайы адалдықтың отбасылық дәстүрге, саланың тірегіне айналуының жарқын үлгісі.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелерінің жағдайын тексеріп қайтты

redaktor_qazyr

Астанада ІІМ Басқару академиясы ашылды

admin_qazyr

Түлкібас — Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп,опат болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz